08.09.2016, 09:56 2014

Санкт-Петербург қаласында ТМД мемлекеттерініӊ Ішкі істер министрлері кеӊесініӊ кезекті отырысы өтті

Санкт-Петербург қаласында 2016 жылдыӊ 5-7 қыркүйегінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ Ішкі істер министрлері кеӊесініӊ кезекті 44-ші отырысы өтті.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясыныӊ Санкт-Петербург қаласында 2016 жылдыӊ 5-7 қыркүйегінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ Ішкі істер министрлері кеӊесініӊ (ІІМК) кезекті 44-ші отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Отырысқа Достастық елдерініӊ ішкі істер министрліктерініӊ/полицияныӊ басшылары, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі Бюроныӊ (ҰҚКҮБ) және ТМД Атқарушы комитетініӊ басшылық құрамы қатысты, деп хабарлады ІІМ.

Делегация басшылары Достастық елдерініӊ жаӊа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ ІІМ (Полиция) ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл жасасуыныӊ перспективасын, сондай-ақ мемлекетаралық қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларыныӊ іске асырылу барысын талқылады.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар автокөлік құралдарыныӊ ұрлығына, жаӊа психикалық белсенді, психотроптық заттар мен есірткілердіӊ, оларға тектес қауіпті химиялық заттардыӊ айналымына қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарады, сондай-ақ халықаралық бұқаралық спорт және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде спорт командаларыныӊ ресми емес жанкүйерлер бірлестіктерініӊ мүшелері тарапынан болатын құқыққа қайшы әрекеттердіӊ алдын алу мәселелерінде бірлескен жұмыстыӊ жоспарлары талқыланды.

Отырыс шеӊберінде ТМД-ныӊ құрылғанына 25 жыл толуына және ТМД-ға қатысушы елдердіӊ Ішкі істер министрлері кеӊесініӊ 20 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша мәселелер қосымша қаралды.

ІІМК қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдері қабылдады. Делегацияныӊ басшылары ІІМК және ҰҚКҮБ қызметін реттейтін бірқатар құжаттарды мақұлдады.

Ішкі істер министрлерініӊ кездесуі дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен сыйластық жағдайында өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ Ішкі істер министрлері кеӊесініӊ келесі кезекті отырысын 2017 жылдыӊ маусымында Тәжікстан Республикасы астанасы Душанбе қаласында өткізу жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны