25.04.2008, 14:55 3318

Сарапшылар инновациялық қызмет туралы заңнаманы қайта қарауды ұсынып отыр

Сарапшылар инновациялық қызмет туралы заңнаманы қайта қарауды ұсынып отыр

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қолданылып отырған заңнамаға айтарлықтай өзгертулер енгізу керек. Мұндай пікірді бүгін мәжілістің жанындағы қоғамдық палатаның отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры, қоғамдық палатаның аумақтық даму және қаржы -экономикалық реформалар жөніндегі секциясының жетекшісі Оразалы Сәбден мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Шын мәнінде бұл заң жүйені қалыптастыратын негізгі заңнама болуы керек. Қолданылып отырған " Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау туралы" заңда инновациялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін инвестицияны тартуды қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру жағдайларын құру жолдары жалпылама түрде айтылған", - деп есептейді О. Сәбден.

Оның айтуынша бұл заңға "инновация", "инновациялық қызмет" сияқты түсініктерге "бірқатар түзетулер енгізу керек".

"Бұл заңда инновациялық қызметті реттейтін негізгі шешімдерді құзыретті орган шешеді, сол арқылы заңның тікелей қызметіне шектеу жасалады. Бұл заңның негізгі кемшілігі болып қана қоймай, ведомстволық заңға айналып отыр. Ал инновациялар барлық салаларда болатындығын ескере отырып, бұған салааралық көзқараспен қарау керек ", - деп атап өтті О. Сәбден.

Сарапшының пікірі бойынша "жаңа Салық кодексінде инновациялық қызмет үшін арнайы салық режимі қарастырылуы керек".

"Халықаралық тәжірибені ескере отырып, бизнес пен ғылым саласына дейін инновациялық қызмет үшін салық салу жеңілдіктерінің тізімін айтарлықтай кеңейту керек ", -деп ұсынды ол.

О. Сәбденнің пікірі бойынша "жаңа технологияларға қол жеткізу үшін, кеден заңнамасына ғылыми зерттеу жұмыстарына арнап жеткізілетін құрал -жабдықтарға жеңілдетілген ставкаларды енгізу қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны