06.06.2017, 16:23 6147

САРАТС жобасыныӊ барысында Арал теӊізініӊ деӊгейі 42 метрге көтерілді

Айталық, 2005 жылы құрылысы басталаған "Көкарал" бөгеті теӊіздіӊ солтүстік бөлігініӊ су мөлшерін 68 пайызға жоғарылатты.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Айдынын толтырған Аралдыӊ табаны көрініп, оныӊ зардабын бүкіл әлем сезіне бастаған тұста да шалқар жағасын мекендеген байырғы жұрт бір кереметке сенді. Көбі атамекенінен кіндігін үзбей, көк толқынды көзбен ұзатып салып туған жерде қала берді. Олардыӊ үміттері орындалды да. Елбасы бастамашы болған САРАТС жобасы тартылған теӊізді тірілтті.

Бүкіл әлемніӊ назарын аударған Арал проблемаларына арналған алғашқы халықаралық конференция 1993 жылы Қызылорда қаласында өткен. Онда Орталық Азия мемлекеттерініӊ басшылары мен Ресей үкіметінен келген делегация БҰҰ мен Дүниежүзілік Даму банкіне Арал проблемасын әлемдік қауымдастықтыӊ талқысына салу туралы айтты. Сонымен бірге халықаралық "Арал теӊізін құтқару қоры" құрылды. "Ғасыр жобасы", "Дүниеніӊ сегізінші кереметі" деп атап жүрген САРАТС жобасыныӊ алғашқы сұлбасы сол кезде жасалды. Бүгін оныӊ нәтижесін ел көріп отыр.

Дүниежүзілік банктіӊ қолдауымен жүзеге асырылған САРАТС жобасыныӊ 1-кезеӊінде біршама толымды тірліктер атқарылды. Қазіргі таӊда Сырдария өзенініӊ арнасын реттеу және Арал теӊізініӊ солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі жобаныӊ бірінші кезеӊі аяқталған. Жоба барысында теӊіз деӊгейі 42 метрге көтерілді. Қолға алынған шаралар нәтижесінде Арал өӊірініӊ солтүстігіндегі су мөлшерініӊ ортаймауына жағдай жасалды. Айталық, 2005 жылы құрылысы басталаған "Көкарал" бөгеті теӊіздіӊ солтүстік бөлігініӊ су мөлшерін 68 пайызға жоғарылатты.

Елбасыныӊ тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан, ғасыр жобасы атанған "САРАТС" жобасыныӊ бірінші кезеӊініӊ жүзеге асуы облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік берді. Жалпы жобаныӊ алғашқы кезеӊінде "Көкарал" бөгеті мен "Ақлақ" және "Қараөзек" арнасы, "Ийтек" су торабында су құрылғылары кешені, Сырдария өзені бойында су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттері мен Ақсу елді мекенініӊ тұсындағы өзен арнасын реттеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, "Қызылорда" және "Қазалы" су торабы мен "Шардара" және "Арнасай" тоспаларын жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Соныӊ арқасында аймақтыӊ экологиялық ахуалы айтарлықтай жақсарып, облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына жол ашты. Арал теӊізіне түсетін судыӊ көбеюі өӊірдегі тіршіліктіӊ қайта жандануына әкелді. Суармалы жерлердіӊ сумен қамтамасыз етілуі жақсарды. Бұл өз кезегінде көлемі 20-30 мыӊ гектардан асатын бірнеше ірі көлдердіӊ қалпына келуіне, балық шаруашылығыныӊ дамуына мүмкіндік берді. Балық аулау көлемі күрт артты. Теӊіз Арал қаласына 75 шақырымнан 17 шақырымға дейін жақындады.

Қазір ауданда 8 бірдей балық зауыты жұмыс істеп тұр. Өткен жыл бедерінде теӊізден 7100 тонна балық ауланып, 4057 тонна балық өӊделген, әрі тұрақты түрде Еуропа мемлекеттеріне экспортталуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны