18.10.2016, 18:15 5208

"Сарыағаш" жаӊа шипажай қалашығын салу - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы якорьлық туристік жобалардыӊ бірі

Қазір "Сарыағаш" емдеу-сауықтыру кешенініӊ жатын корпустарын модернизациялау бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары жасалуда. Қажетті инфрақұрылымды жеткізу мәселелері қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы якорьлық туристік жобалардыӊ біріне Көктерек ауылында "Сарыағаш" жаӊа шипажай қалашығын салу жобасы жатады. Жобаныӊ мақсаты минералдық және термалдық суларды пайдалана отырып, сауықтыру (емдік-шипалық) туризмді дамыту, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жобаға қазіргі жұмыс істеп тұрған "Сарыағаш" емдеу-сауықтыру кешенін (шипажайын) модернизациялау және қайта құру, сондай-ақ, жеке инвестициялардыӊ есебінен жаӊа қонақ үйлер, дауажайлар, спа-орталықтар, ойын-сауық орталықтарын, спорт алаӊдарын, мейрамханалар, аквасаябақ және т.б. салу қамтылады.

Қазір "Сарыағаш" емдеу-сауықтыру кешенініӊ жатын корпустарын модернизациялау бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары жасалуда. Қажетті инфрақұрылымды жеткізу мәселелері қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Соныӊ арқасында Сарыағаш шипажайы тек Қазақстанныӊ ғана емес, келешекте Орта Азияныӊ да еӊ үлкен демалыс орнына айналмақ. Бұл туралы 300-ден астам шетелдік және отандық туроператорлар қатысқан халықаралық форумда айтылған. Облыс әкімініӊ орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бұл жобаға арнайы 600 гектар жер бөлінгенін хабарлады.

Оӊтүстік Қазақстан - туризм саласын дамытуға қолайлы аймақ, деді әлемніӊ 65 елінде өкілдігі бар Латвияныӊ еӊ ірі туристік компаниясыныӊ басшысы Айгарс Андерсон. Ол жуырда Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен туристік форумныӊ мәртебелі мейманы болған. Миграциялық тіркеу мен туроператорларға жасалған қызмет көӊілінен шыққанын айтады. Латвияныӊ Виндзем университеті табиғаттану факультетініӊ деканы Айгарс Андерсон Оӊтүстік Қазақстан облысында туристік ақпараттық орталықтыӊ құрылуы жұмысқа тыӊ серпін беруде дейді. Оныӊ айтуынша, латвиялық компания алдағы 6 айда Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ қай ауданынан курорттық кешен ашу мәселесін шешумен айналысатын болады.

Биыл "Оӊтүстік" туристік ақпараттық орталықтыӊ жұмысын жандандыруға облыстық бюджеттен 80 млн. теӊге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны