16.01.2007, 10:33 2648

"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталын құру үшін республикалық бюджеттен 2007 жылы 2 млрд теңге қарастырылған

АСТАНА. 15 қаңтар. Kazakhstan Today. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталын құру үшін республикалық бюджеттен 2007 жылы 2 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы кеше премьер-министрдің мәжілісінде сөз болды. Мәжілісте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметін құру және қамтамасыз ету мәселелері қаталды. Бұл туралы агенттік үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталына кейіннен сатылатын және жалға берілетін жер ресурстарын беру жоспарланған. Бұл ретте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жер ресурстарын жаңа жобаларға салым ретінде пайдаланбақ. Сонымен қатар жарғылық капиталға стратегиялық мағынадағыдан басқа орталық және жергілікті атқару органдарының басшылығындағы кен орындарын беру жоспарланған. Сонымен қатар инфрақұрылымдық нысандар да бар. Осыған дейін хабарланғандай, үкімет қаулысымен Қазақстанда "Сарыарқа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ құрылған болатын.

"Сарыарқа" корпорациясы директорлар кеңесі құрамына индустрия және сауда, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жетекшілері, жалпыұлттық "Атамекен" кәсіпкерлер одағы, Қарағанды және Ақмола облыстары мен Астана қаласы, "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ жетекшілері енді. Басқарма төрағасы болып Альберт Рау тағайындалды.

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның жалғыз ғана акционері - үкімет болып табылады. Ол қажетті қаулыларды қабылдау арқылы корпорацияны мемлекеттік активтерден капитал бөліп, оларға ұлттық компаниялар мәртебесін береді.

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мәселелеріне қатысты арнайы кеңес мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер ұйымдары өкілдерінен тұрады. Олар негізгі тапсырмалар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның орта мерзімді дамыту жоспарын жүзеге асыру механизмі құрумен айналыспақ.

Өткен мәжіліс қорытындысы бойынша үкімет басшысы мемлекеттік органдардың жетекшілері, Қарағанды мен Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын құру қызметіне қажетті қолдау көрсету туралы мідеттер жүктеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны