19.01.2016, 17:33 4976

Сәтбаев әкімі болып А. Ыдырысов тағайындалды

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласыныӊ әкімі болып 40 жастағы Асқар Ыдырысов тағайындалды. Ол осыған дейін "Нұр Отан" партиясыныӊ орталық аппаратында қызмет еткен. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Сәтбаев. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласыныӊ әкімі болып 40 жастағы Асқар Ыдырысов тағайындалды. Ол осыған дейін "Нұр Отан" партиясыныӊ орталық аппаратында қызмет еткен. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"19 қаӊтарда облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Сәтбаев қаласы активімен жиын өткізді. Онда ол қаланыӊ жаӊа әкімін таныстырды. Облыс әкімініӊ өкімі бойынша ҚР Президенті Икімшілігініӊ және қалалық мәслихат депутаттарыныӊ келісімімен бұл қызметке Асқар Абылайұлы Ыдырысов тағайындалды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сәтпаевтыӊ бұрынғы әкімі Инуар Омар денсаулығына байланысты қызметтен кеткені аталып өтілді. Аймақ басшысы оған жұмысы үшін алғыс айтып, құрмет грамотасын ұсынды.

Н. Ибдібеков жиын өткізіп, онда Сәтбаевтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттерді жүктеді.

А. Ыдырысов 1975 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Ө. Байқоӊыров атындағы Жезқазған университетін, ал 2005 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтады. Біліктілігі бойынша инженер-электромеханик, экономист. Экономика ғылымдарыныӊ кандидаты.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Орталық органдарда түрлі қызметтерді атқарды. ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттікте жетекші маман, бас маман болып қызмет істеді.

1999-2002 жылдары ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ бәселестікті қорғау мен шағын бизнесті қолдау басқармасыныӊ бас маманы, басқарма бастығы болды.

2002-2003 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігініӊ шағын бизнесті қолдау комитетініӊ басқарма бастығы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ өндірістік сала мен инфрақұрылым бөлімініӊ кәсіпкерлік және тауарлық нарық секторыныӊ консультанты, бас сарапшысы, меӊгерушісі болды. Кейін индустриалдық-инновациялық дамыту бөлімініӊ экономиканы әртараптандыру секторыныӊ меӊгерушісі қызметтерін атқарды.

2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігініӊ стратегиялық жоспарлау және талдау департаментініӊ директоры қызметіне тағайындалды.

2008-2012 жылдары ҚР Президенті Икімшілігініӊ мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімініӊ мемлекеттік инспекторы болып істеді.

2012 жылдыӊ қазан айынан Асқар Ыдырысов Қарағанды облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы, кейін Сәтбаев әкімі қызметтерін атқарып келді. Осы тағайындауға дейін Астанадағы "Нұр Отан" партиясыныӊ орталық аппаратында аудит қызметініӊ басшысы болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны