30.11.2016, 14:48 6621

Сауат Мыӊбаев Мемлекет басшысына мұнай-газ өӊдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардыӊ іске асырылу барысы туралы хабарлады

"ҚазМұнайГаз" АҚ басшысы мұнай бағасыныӊ төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өӊдеген мұнай көлемініӊ арта түскенін айтты.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Елбасы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Сауат Мыӊбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

С.Мыӊбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияныӊ 2016 жылғы 9 айдағы жұмысыныӊ қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады.

Кездесуде компанияныӊ өндірістік-қаржылық және әлеуметтік саладағы қызметіне, сондай-ақ жаӊа жобаларды іске асыруына қатысты мәселелер қарастырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына мұнай-газ өӊдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардыӊ іске асырылу барысы, соныӊ ішінде Теӊіз кен орныныӊ өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеӊдегі жұмыстар, Қарашығанақ кен орнын дамытудыӊ перспективалары жөнінде хабарланды.

"ҚазМұнайГаз" АҚ басшысы мұнай бағасыныӊ төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өӊдеген мұнай көлемініӊ арта түскенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны