24.07.2017, 19:47 4666

Сауд Арабиясы Корольдігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына диагностикалық жабдықтар табыс етті

Бұл - магнитті-резонансты томография, рентгендік диагностикалық сандық аппарат, нақты диагностика жүргізуге және кез келген зерттеу тұрпатында сапалы кескіндер алуға мүмкіндік беретін УЗ диагностикалық аппарат топтамасы.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мен Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабия Корольдігініӊ Төтенше және өкілетті елшісі Дахир бен Мутиш Аленази Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды.

Салман Король салманныӊ атындағы Гуманитарлық көмек көрсету орталығыныӊ (Сауд Арабиясы Корольдігі) өкілдері Орталыққа медициналық жабдықты табыс ету мақсатымен келген. Бұл - магнитті-резонансты томография, рентгендік диагностикалық сандық аппарат, нақты диагностика жүргізуге және кез келген зерттеу тұрпатында сапалы кескіндер алуға мүмкіндік беретін УЗ диагностикалық аппарат топтамасы.

Аталған медициналық жабдық әртүрлі жас санатындағы балалардыӊ ауруларын ерте диагностикалауды жақсартады және зерттеу уақытын жеделдетуге, қысқартуға мүмкіндік береді. Ол кішкентай пациенттерді диагностикалау үшін өте маӊызды, себебі ауру балалардыӊ негізгі үлесі - 0-ден 5 жасқа дейінгі балалар. Осыныӊ барлығы ерте кезеӊінен нысаналы бағытталған терапияны тағайындауға мүмкіндік беріп, балалардыӊ жазылып кетуін арттырады.

Жыл сайын республика бойынша орташа алғанда алғаш рет болған қатерлі ісік шамамен 600 балада анықталады. Соӊғы жылдары медицина жетістіктерініӊ арқасында қатерлі ісікке шалдыққан балалардыӊ өмір сүру ұзақтығы арта түсті, ал олардыӊ басым көпшілігініӊ құлантаза сауығып кетуіне қол жеткізіліп отыр. Осы нәтижелерге ерте жасалынған диагностиканыӊ және емдеудіӊ уақтылы басталуы арқасында қол жеткізілді. Соӊғы жылдары Қазақстанда онкологияны ерте кезеӊінде диагностикалау жақсарғандығы байқалады ( 2015 ж. - 29%, 2016 ж. - 37%).

Онкологиялық және гематологиялық ауруларға шалдыққан балаларды диагностикалау және емдеу халықаралық бағдарламаларға негізделген заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл ауыр ісік және гемобластоздары бар балалардыӊ өмір сүруін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен,Германияныӊ BFM бағдарламасын қолдану кезінде күрделі лимфобласты лейкоз кезінде балалардыӊ өмірсүруі 76,3% артса, күрделі миелобластномды лейкоз кезінде 42%-ға артты.

Соӊғы жылдары орталықтыӊ тәжірибесіне апластикалы анемия және күрделі ісіктердіӊ ауыр түрлерінен пайда болған рецидивті лейкоздары бар балаларды емдеуде жоғарғы технологиялық гемопоэтикалық жүйке жасушаларын трансплантациялау процедурасы енгізілгді. Аталған технология да заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді нәтижелер көрсетті.

Анықтама: ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында әр түрлі педиатриялық бейіндер, оныӊ шінде онкологиялық және гематологиялық аурулар бойынша жылына 5000 астам балаға жоғарғы технологиялық медициналық қызмет көрсетіледі,- деп хабарлайды ҚР ДМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны