24.06.2020, 18:37 15739

Сауд Арабиясы осы жылы шетелдіктердің қажылық сапар жасауына тыйым салды

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясына жыл сайын 2,5 млн адам құлшылық жасауға келетін.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan Today - Сауд Арабиясы осы жылы шетелдіктердің қажылық сапар жасауына тыйым салды. Мұндай шешім елде індет өршіп кеткендіктен қабылданған. Бұл туралы мемлекеттің қажылық және умра министрлігі мәлім етті.

Осылайша биыл мұсылмандық парызын жергілікті халық қана өтей алады. Олардан қашықтықты және санитарлық талаптарды сақтау қатаң талап етілген.

"Бұл шешім қажылықтың қоғамдық денсаулықты сақтау тұрғысынан қауіпсіз өтуі үшін жасалды. Адамзатты пандемияға байланысты қатерден қорғауға қажетті және адамзаттың өмірін сақтап қалу жөніндегі Ислам іліміне сәйкес барлық алдын алу шаралары мен қашықтықты ұстану хаттамалары жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясына жыл сайын 2,5 млн адам құлшылық жасауға келетін.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны