Система Orphus

Сауд Арабиясының қазақстандықтарға туристік виза беруді тоқтатуы туралы ақпарат дұрыс емес - ҚР СІМ

02.03.2020, 21:57 19171

Алматы. 2 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінде өткен брифингте ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Сауд Арабиясының қазақстандықтарға туристік визаны беруді тоқтатуы туралы ақпараттың дұрыс емес екенін айтты.

"Бастапқыда БАҚ-та жарияланған ақпарат дұрыс емес болды. Ондағы тізімде барлығы 7 ел болды. Шын мәнісінде, шектеу 21 елге қатысты болатын. Қазақстан 49 елдің қатарына кірген жеті елдің қатарында көрсетілді, бұл елдердің азаматтары Сауд Арабиясына келген соң әуежайда виза ала алады", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Ш. Нұрышев қалған 14 елдің азаматтары алдымен визаны рәсімдеуге міндетті екенін, тек содан кейін ғана Сауд Арабиясына келуі керектігін айтты.

"Ақпарат дұрыс болмады, ол таралып кетті, бізде коронавирус таралып, шектеу содан жасалғаны тәрізді көрінді", - деп түсіндірді Ш. Нұрышев.

Сонымен қатар Шахрат Нұрышев қазақстандықтарды Иран мен Оңтүстік Кореядан эвакуациялау жоспарлары туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде Иранда Қазақстанның 170 азаматы, Оңтүстік Кореяда 34 600 жуық азаматы бар.

"Ираннан эвакуациялау мәселесі әзірге қаралып жатқан жоқ. Дегенмен, біздің Елшілік барлық азаматтармен жұмыс жасап жатыр. Ираннан елге оралғысы келетін жағдайда, олар қажетті көмекті көрсетуге әзір", - деді Ш. Нұрышев.

2020 жылдың 1 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан - Сеул және Алматы - Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3 рейске дейін қысқартылды.

"Рейстер саны 9-дан 3-ке дейін қысқартылды, бұл қайтуға ниет білдірген азаматтардың рейстерді пайдалана алуы үшін жасалды. Эвакуация - соңғы шара, сондықтан қайтуға ниет білдірген тұлғалар әзірге әлі де ұшып жатқан рейстермен елге орала алады", - деп түсіндірді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны