09.07.2026, 17:04 41601

Сауда министрлігі Электрондық сауда алаңдарында сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жариялады

Тізбені орналастыру электрондық сауданың ашықтығын арттыруға бағытталған
Сауда министрлігі Электрондық сауда алаңдарында сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жариялады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Электрондық сауда алаңдарында орналастыруға және сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жасақтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Тізбе "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде ұсынған ақпараты негізінде әзірленді. Сондай-ақ, тізбе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салу немесе шектеу белгіленген, соның ішінде электрондық сауда арқылы сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді біріктіреді.

Тізбені орналастыру электрондық сауданың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Министрліктің мәлімдеуінше, тізбе электрондық сауда алаңдарының иелеріне, интернет-дүкендерге, сатушыларға және электрондық сауданың басқа да қатысушыларына қолданыстағы шектеулер туралы өзекті ақпаратты жедел алуға және тауарларды орналастыру мен сату кезінде заңнама талаптарын ескеруге мүмкіндік береді.

Осылайша, бұл тізбенің болуы электрондық сауда алаңдарына тауар карточкаларын модерациялау кезінде бірыңғай тәсілдерді қолдануға, ал сатушыларға өз өнімдерін өткізу мүмкіндігін алдын ала бағалауға жағдай жасайды.

Бірыңғай тізбемен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы электрондық сауда мәселелеріне арналған бөлімнен танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны