22.05.2014, 20:45 3127

Сәулет-жоспарлау тапсырмасының анықтамасын алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі қысқарды

Бұдан бұрын осындай анықтаманы алу үшін жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне немесе салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыруға тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін ұсыну талап етілетін. Бұл мәліметті атқарушы орган енді сәулет басқармасының мұрағатынан өзі ала алады.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қазақстандықтар ХҚКО-ларда сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы тек бір құжатты көрсету арқылы ала алады. Ол - жобалаушы қол қойған және мөрімен куәландырылған, тапырыс беруші бекіткен жобалау тапсырмасының көшірмесі, деп Байланыс және ақпарат агенттігінен хабарлады.

Бұдан бұрын осындай анықтаманы алу үшін жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне немесе салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыруға тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін ұсыну талап етілетін. Бұл мәліметті атқарушы орган енді сәулет басқармасының мұрағатынан өзі ала алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттарды қабылдау күнін қоспағанда, 8 жұмыс күні (техникалық күрделі объектілер - электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар, тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары, қара және түсті металлургия кәсіпорындары және т.б. үшін 15 жұмыс күні және салынған ғимараттардың үй-жайларын қайта құрастыру жобасын әзірлеу үшін 3 жұмыс күні).

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар анықтаманы алу үшін қажетті құжаттар тізімінің қысқартылуы қызмет көрсету үдерісін оңтайландырудың және оларды ұсыну стандарттарын қайта қарастырудың арқасында мүмкін болды.

"ХҚКО" РМК бас директоры Мұрат Айтуғанов айтып өткендей, "Қызметтерді автоматтандыру оларды алу процесін жеңілдетуге бағытталған және азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған, бүгінгі күні ХҚКО ұсынатын 171 қызметтің жүзден астамын электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

Бұдан басқа, өткен жылдан бастап ХҚКО-ларда "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдары жұмыс жасауда, онда кез келген клиент қызметті өз бетінше немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен ала алады. Осындай алаңдарды енгізу ХҚКО инспекторларының жұмысын анағұрлым жеңілдетті."Connection Point" 2014 жылдың басынан еліміздің ХҚКО-ларында тағы да 25 жаңа қызметті пилоттық режимде енгізуге мүмкіндік берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны