23.04.2015, 14:48 4036

СБРҚК Астанадағы филиалыныӊ мүшелері сайлау учаскелерін тексеруде

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияныӊ (СБРҚК)Астана қалалық филиалыныӊ мүшелері сайлау учаскелерініӊ дайындығын тексеруде

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияныӊ (СБРҚК)Астана қалалық филиалыныӊ мүшелері сайлау учаскелерініӊ дайындығын тексеруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

СБРҚК Астанадағы филиалыныӊ мүшелері "Жастар театры" ғимаратында орналасқан 131 және 137 сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру пунктерініӊ жұмыс барысымен танысты. Филиал төрайымы Тамара Лавриненко бастаған комиссия мүшелері байқаушыларға арналған орындарды, сайлау бюллетеньдерін салатын арнайы жәшіктер мен кабиналарды тексеріп шықты. Филиал төрайымы Т.Лавриненконыӊ айтуынша, сайлауға дайындық өте жоғары деӊгейде жүріп жатыр, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Біз осымен ондаған учаскені аралап шықтық, комиссия мүшелері еліміздіӊ өзге аймақтарына аттанды, сайлауға қызу дайындық жүріп жатыр. Мектептерде сабақ болып жатқандықтан, қажетті заттардыӊ барлығын сенбі күні орналастырамыз. Изірге комиссия тарапына ешқандай ескерту келіп түскен жоқ. Біз бақылаушы орган емеспіз, біз қоғамдық комиссиямыз, сондықтан бізге бар болғаны адамдардыӊ құқығы сақталғаны, дауыс берудіӊ әділ өткені қажет", - дейді ол.

Бұған қоса, Астана қалалық филиалыныӊ төрайымы әр сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде орын алған барлық заӊ бұзушылықты тіркеп отыратын байқаушылар жұмыс істейтінін еске салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны