22.05.2019, 17:00 12942

Халықаралық швейцариялық Seedstars компаниясы елордада технологиялық алаң ашты

Seedspace құрамында 70 мыңнан астам стартапшы, сонымен қатар Женева, Богота, Медельин, Мехико, Каир, Лагос, Абиджан, Кейптаун, Дар-эс-Салам, Янгон және Лима сияқты қалаларда 70 мыңнан астам хаб бар.

Нұр-Сұлтан. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда стартаптарды қолдауға арналған Seedspace Nur-Sultan жаңа алаңы ашылды. "Бұл стартапшылар бірге уақыт өткізіп, тәжірибе алмасып, жобаларды талқылайтын кеңістік құру үшін жасалуда. Бұл көліктен бастап, ТКШ-ға дейінгі елорда үшін жаңа шешімдер ойлап табылатын, қайнаған зертхана болмақ", - дейді"Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Резиденттерге менторлардың, кеңесшілердің, техникалық мамандардың ауқымды желісі ұсынылады. Мұнан басқа, мұндай формат тек коворкинг кеңселерді ғана емес, сондай-ақ қатысушылар тұратын алаң - коливингті де қамтиды.

"Осы алаңның арқасында қала мен өңір жастарында елордадан алыстамай-ақ, кәсіпкерліктің озық және халықаралық экожүйесінің қатысушысы болуға мүмкіндік туды. Негізгі бағыт - қала мәселелерін, сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындары мен бизнес-қауымдастығының мүдделерін шешу", - деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Акселерация бағдарламасы бизнес-менторлардың көмегімен халықаралық стандарттарға сай өз жобаңды дайындап, оны венчурлық қорларға ұсынуға мүмкіндік береді. Демек, қатысушылар халықаралық нарыққа шығып, хабта жүзеге асырған идеясы үшін Seedstars-тан 500 мың АҚШ долларына дейін иелене алады.

Seedspace Nur-Sultan жылына 365 күн бойы тәулігіне 24 сағат бойы ашық тұрады. Жоба "Астана Innovations" тарапынан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен, "Seedstars" бизнес-инкубаторымен және "BI Group" компаниясымен бірлесе отырып, іске асырылды.

Seedspace - кәсіпкерлер тұрғысынан кәсіпкерлерге арнап құрылатын дамушы нарықтардағы кампустардың ең ірі желісі. Хабтың қатысушылары тренингтерге, іс-шараларға, коворкингке, коливингке және арнайы әзірленген Investment Readiness Program (IRP) бағдарламасына қол жеткізеді. Seedspace құрамында 70 мыңнан астам стартапшы, сонымен қатар Женева, Богота, Медельин, Мехико, Каир, Лагос, Абиджан, Кейптаун, Дар-эс-Салам, Янгон және Лима сияқты қалаларда 70 мыңнан астам хаб бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны