16.01.2008, 17:53 3260

Семей аймағындағы еңбекпен түзеу мекемелерінде 2007 жылы 140 заң бұзу оқиғасы анықталды

Семей аймағындағы еңбекпен түзеу мекемелерінде 2007 жылы 140 заң бұзу оқиғасы анықталды

Семей. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағындағы еңбекпен түзеу мекемелерінде 2007 жылы 140 заң бұзу оқиғасы анықталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында еңбекпен түзеу мекемелеріндегі заң бұзушылықтарды қадағалайтын арнайы прокуроры Айтмағамбет Серғазин хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, "арнайы прокуратурасымен 2007 жылдың 12 айында аймақтағы колонияларды 300 тексеру жұмысы жүргізіліп, 140 заң бұзушылық деректің беті ашылды".

Өткізілген тексеру жұмыстарының қорытындысына сүйене отырып, 7 қылмыстық іс қозғалды. "Бес қылмыстық іс бойынша айыптық үкім шығарылып, екі қылмыстық іс бойынша айыпталғандарды іздестіру жұмыстарының аяқталмауына байланысты тергеу жұмыстары тоқтатылды ", - деді А. Серғазин.

Сонымен қатар, прокурорлардың шаралары бойынша, тәртіптік жауапкершілікке 85 лауазым иесі тартылды.

"Солардың қатарында УЛ-154/4 еңбекпен түзеу мекемесінің бастығы (Приречный поселкесіндегі түрме мекені), түрмеге тоғытылғандар қатарынан екі адамның қашқаны жөніндегі деректі жасырып қалған", - деп атап өтті арнайы прокурор.

Ол хабарлағанындай, арнайы прокурордың наразылығы бойынша еңбекпен түзеу мекемелері әкімшілі тарапынан шығарылған алты шешімі заңсыз деп танылды. Сондай-ақ, арнайы прокуратура соттың 18 қаулысына қатысты наразылық білдірді.

"Біздің наразылық арыздарымыздың қаралу қорытындысы бойынша облыстық сот 15 шешімнің үкімін заңсыз деп тапты ", - деді А. Серғазин.

2007 жылы арнайы прокуратура еңбекпен түзеу мекемелерінен 12 айыпталушыны заңсыз босатпақшы болған фактісін алдын алды. "Соттар ауыр қылмыстарды жасаған 7 айыпталушыға қатысты,олардың өтемеген мерзімін бас бостандығыны шектеу қою жөнінде шешім шығарған. Ал ондай қылмыстың ауыр түрін жасағандарға бос бостандығына шектеу қою бабы қолданылмайды ", - деп түсіндірді прокурор.

Тексеру кезінде сондай-ақ 6 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды. Олардың біреуіне А. Серғазин нақтырақ тоқталды. Олардың бірінде еңбекпен түзеу мекемелерінен шыққандарды жұмысқа орналастыратын "Еңбек-Семей" МКМ директоры тәртіптік жауапқа тартылды. "Еңбек түзеу мекемелерінің бірінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуі кезінде мемлекеттік сатып алу заңының бұзылғандығы анықталды. Тендер өткізілмеген, тиісті құжаттар толтырылмаған және оның жасалу мерзімдері көрсетілмеген".

Екінші бір оқиғада УЛ-154/4 мекемесінің жауапты есепшісі жауапқа тартылған. Ол еңбекпен түзеу мекемелеріне тоғытылғандар тарапынан еңбек ақыларын уақтылы алмайтындары жөнінде жазған арыздарына жауап бермеген. "Олардың арыздарын ол 6 айға дейін "қозғалтпай" ішімдегіні тап деп отырған", -дейді А. Серғазин. "Екі құқық бұзушылықты арнайы прокуратура сыбайлас жемқорлық нышаны деп бағалаған", - деп түсіндірді ол.

Бүгінде Семей аймағында жеті колония мен бір тергеу абақтысы бар. Онда 5 мың сотталған адам жазаларын өтеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны