05.01.2007, 09:58 2664

Семей горнизонының әскери соты 2006 жылы 44 қылмыстық іс қарады, оның үшеуі есірткі айналымымен байланысты

СЕМЕЙ.5 қаңтар. Kazakhstan Today. Семей горнизонының әскери соты 2006 жылы 44 қылмыстық іс қарады, оның үшеуі есірткі айналымымен байланысты. Бұл жөнінде Семей горнизоны әскери сотының төрағасы Асқар Қайыров хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан әскерінің келісім-шартқа өтуіне байланысты жедел қызмет әскерилерінің саны күрт төмендеген, соған сәйкес, заң бұзушылықтар саны да кеміген. Алайда, қылмыстың жалпы саны қысқарған жоқ, деді А.Қайыров. Оның сөзіне қарағанда әскерилер тарапынан тонау, ұрлық, қарулы шабуыл, кісі зорлау сияқты қылмыстар жасалады.

Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылда алғаш рет биыл есірткі айналымына қатысты қылмыс тіркелді. "Өткен жылы әскери сот осындай үш қылмыстық істі қарады. Оның екеуінде әскери қызметкерлердің есірткі сатуына байланысты болса, бірінде әскери қызметкердің өзі есірткі тұтынған, тіпті ескірткіге тәуелділіктен емдеуді қажет еткен",-дейді әскери сот төрағасы.

"Бұл алаңдататын жағдай, себебі аталған әскери қызметкерлерге қару-жарақ сеніп тапсырылған, олар әскери кезекшілікке тұрып, біздің қауіпсіздігімізді қорғайды",-деді ол.

А.Кайыровтың пікірінше, " алдағы уақытта әскери мамандарды іріктегенде отбасылық жағдайы секілді оларға қатысты ақпарат толық алынатын болады". "Ал, әскер қатарына алынғандар үшін қабылдау комиссиясынан бастап басшылыққа дейін жауап беруі тиіс", деп атап өтті ол.

Сот төрағасы айтқандай, профилактикалық шараларға көп көңіл бөліну керек. "Істердің 80% горнизондарда шығатын мәжіліс барысында қаралады. Бұл да профилактикалық жұмыс, оның да оң нәтижесі бар",-деді сот төрағасы.

А.Кайыровтың сөзіне қарағанда 2006 жылы әскери сот 100 азаматтық істі қараған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны