29.04.2009, 15:50 2765

Семей қалалық мәслихаты депутатының үстінен контрабандалық жолмен әкелінген автомобильдерді заңдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Семей қалалық мәслихаты депутатының үстінен контрабандалық жолмен әкелінген автомобильдерді заңдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семей қалалық мәслихаты депутатының үстінен контрабандалық жолмен әкелінген автомобильдерді заңдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласында маслихат депутатына және "Ауыл" кедендік бекетінің қызметкерлеріне қатысты көп эпизодты қылмыстық іс тергелуде. Олар алдын-ала сөз байласумен жалған кеден құжаттары арқылы бірнеше рет контрабандалық жолмен әкелінген автомобильдерді заңдастырған. Қылмысты ұйымдастырушы қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны