17.07.2014, 21:03 2941

Семей қаласы онкодиспансерінің референс орталығына жаңа қондырғылар берілді

ШҚО-да Қазақстандағы онкологиялық көмекті арттыру бағдарламасы бойынша Семей қаласы онкодиспансерінің референс орталығына патоморфологиялық зертханасының 90 млн теңгелік жаңа қондырғылар берілді, - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. ШҚО-да Қазақстандағы онкологиялық көмекті арттыру бағдарламасы бойынша Семей қаласы онкодиспансерінің референс орталығына патоморфологиялық зертханасының 90 млн теңгелік жаңа қондырғылар берілді, - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Семей қаласында онкосырқаттарды емдеуге арналған өңірлік екі орталық ашу қарастырылған. Соның бірі - референс орталығы (ШҚО мен Павлодар облысы халқына арналған иммуногистохимиялық зерхана) қазіргі таңда жұмыс істеп тұр. Екіншісі - радиациялық онкологияның жоғарымаманданған орталығы биылғы жылдың күзінде елдің игілігіне ұсынылмақ.

"2012-2016 жылдарға арналған ҚР-да онкологиялық көмекті арттыру бағдарламасы" аясында Семейдегі онкологиялық орталықта елдегі үш референс орталықтың бірі ашылды. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан иммуногистологистикалық, гистологистикалық және гистохимиялық зерттеулерге арналған ең заманауи құрылғылар сатып алынды. Бұл онкологиялық сырқаттардың диагностикасындағы заманауи бағыттардың бірі. Аталмыш шараның аясында отандық және шет елдік мамандардың шеберлік сыныптары ұйымдастырылуда. Мұнда Қазақстанның алты диспансерінен дәрігер-гистологтар келді", - дейді онкодиспансердің директоры Марат Сандыбаев.

Реферанс орталық базасында жаңа қондырғымен жұмыс істеуді үйрететін шеберлік сыныптары өткізіледі. "DAKO" дат компаниясының алдыңғы қатарлы мамандары апта бойы республиканың 5 өңірінен келген патоморфологтар мен лаборанттарды оқытатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны