15.12.2009, 17:29 2945

Семей қаласында қарақшылық шабуылдар жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Семей қаласында қарақшылық шабуылдар жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Астаан. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Семей қаласында қарақшылық шабуылдар жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Семей қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын ұстады, олардың тонау мен қарақшылық шабуылдар жасаған қылмыстары әшкереленді.

"Ағымдағы жылдың 25 маусымында Мұртазиннің отбасына жасаған қарақшылық шабуылда қылмыскерлер 10 мың АҚШ долларын, алтын бұйымдар мен ұялы телефонды иеленген; 20 қыркүйекте Домокуровтың отбасына шабуыл жасап, 50 мың теңге, газды тапанша мен алтын бұйымдарды алып кеткен; 5 қыркүйекте адвокаттың үйіне кіріп, сомасы 400 мың теңге және 2 мың 200 АҚШ доллары болатын ақшаны иеленген; 18 наурызда "Газель" автомашинасының жүргізушісін тонап, 1 млн 900 мың теңгесін алып қойған",- делінген комитет хабарламасында.

"Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны