21.07.2008, 12:54 1330

"Семей орманы" резерватында браконьерлер 103 қарағайды кесіп тастаған, шығын көлемі 1,2 млн теңгені құрады

"Семей орманы" резерватында браконьерлер 103 қарағайды кесіп тастаған, шығын көлемі 1,2 млн теңгені құрады

Өскемен. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бесқарағай ауданындағы "Семей орманы" резерватында браконьерлер 103 қарағайды кесіп тастаған, шығын көлемі 1,2 млн теңгені құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Бақытжан Торғаевқа сілтеме жасап.

"Белгісіз біреулер қарағайларды бір тәулікте кесіп тастаған. Браконьерлер ағаштың бір бөлігін әкетіп үлгерген, ал бір бөлігін кесілген жерлерінде қалыпты. Мемлекетке келген шығын көлемі 1,2 млн теңгені құрады", - деді Б. Торғаев.

Орманшылар мен Бесқарағай АІІБ қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында ағаш ителген екі "КамАЗ" бен мемлекеттік нөмірі жоқ екі "МТЗ-80" тракторы табылған. Полицейлер 45 текше метр қарағайды кесуді ұйымдастырушы Глуховка ауылының 50 жастағы шаруа қожалығының басшысы екенін анықтады.

Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабының 3 -тармағы бойынша ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны жауапкершілікке тарту мәселесі шешілу үстінде.

Жыл басынан бері "Семей орманы" резерватында ағаш кесу дерегі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны