27.06.2018, 15:35 5232

Семей станциясынан Алакөлге әлеуметтік теміржол бағдары ашылды

Атап өтерлігі, биылғы 21 маусымда Өскемен-1 станциясынан алғашқы пойыз сапарға шығып, Алакөл жағалауына жолаушыларды жеткізді.

Семей. 27 маусым. Kazakhstan Today -Семей станциясынан Жалаӊашкөл станциясына дейін Алакөл жағалауына жеткізетін қаларалық пойыз кестесі іске қосылып, жаӊа қаларалық пойыз жолға шықты. Пойыз Семей станциясынан 17 сағат 45 минутта шығып, Жалаӊашкөлде 8 сағат 27 минутта болады. Жолда 14 сағат 42 минут жүреді. Кері қарай Жалаӊашкөлден Семейге қарай жолаушылар жұп күндері шыға алады.

"Пойыз жолаушыларды Жалаӊашкөл станциясына дейін жеткізеді. Олар әрі қарай автокөлікпен барады. Үлкен кісілерге билет құны 2862 теӊге тұрады. Қазірдіӊ өзінде 100 отыратын орынға билет сатылды",-дейді "Қаламаӊы тасымалы" АҚ сарапшысы Серік Дөӊбаев.

Қазіргі таӊда "Қаламаӊы тасымалы" АҚ Республикамыздағы 67 бағдарға қызмет көрсетеді. Енді Шығыс Қазақстанға жаӊа бағдар ашылды.

Теміржолда 26 жылдан бері еӊбек ететін жолсерік Зәмзәгүл Маманова пойызда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалғандығын айтады. Жолаушылар жолсеріктердіӊ қызметіне және соӊғы станцияға жайла вагонмен жететіндігіне ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Бұрын Алакөлге демалуға барушылар автокөлікпен ғана шығатын. Олар автобуста көп жол азабын шегетін. Сондықтан Өскемендіктер көбіне Бұқтырма су қоймасыныӊ Көгілдір жайылмасына демалуға баратын. Қазір Алакөлдіӊ шипажайына баратындар саны көбейді. Енді жолаушылардыӊ сұранысына орай, отбасымен демалушыларға жақсы жағдай жасалуда.Атап өтерлігі, биылғы 21 маусымда Өскемен-1 станциясынан алғашқы пойыз сапарға шығып, Алакөл жағалауына жолаушыларды жеткізді.

"Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны