18.01.2007, 17:31 3422

Семейде 2006 жылы тіркелген қылмыстар саны 4,4 пайызға төмендеді

СЕМЕЙ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде тіркелген қылмыстар саны 3842 болып, 2005 жылмен салыстырғанда (4018) 4,4 пайызға төмендеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз хабарламасында қаладағы қылмыстың азаюы "Құқық және тәртіп", "Допинг", "Қару", "Іздеу", "Мал ұрлау" сияқты жедел - алдын-алу шараларын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілгендігі айтылған.

Қылмыстық жаза жүктелуге тиіс барлық қылмыстардың 811- ауыр қылмыстар (2005 жылмен салыстырғандағы 14,5 пайызға өскен). Өткен жылы Семейде бөтен мүлікті ұрлау оқиғалары 4,3 пайызға төмендеп, 2143 оқиға тіркелген (алдыңғы жылы - 2050).

ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы қалада іздеу салынған 363 қылмыскердің 258-і құрықталған. Есеп беру кезеңі бойынша хабар-ошарсыз кеткен 300 адамға іздеу салынып, олардың 254-нің жүрген жері анықталған.

Семейде өткен жылы 54 адамның өмірін қиған және де 330 адамның жарақат алуына әкеп соқтырған 2941 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 2941 жол қозғалысының ережесін бұзу дерегі анықталып, тіркелген, олардың 885-і жол-көлік ережесін өрескел бұзу дерегі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны