04.01.2008, 18:08 3301

Семейде 2007 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 8 пайызға өскен

Семейде 2007 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 8 пайызға өскен

Семей. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 2007 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс 8 пайызға өскен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлім бастығы Лариса Новикова хабарлады.

"2007 жылы жасөспірімдер тарапынан 294 қылмыс жасалған, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық. Өткен жылы полицейлер әртүрлі заң бұзушылықтар жасағаны үшін 3122 жасөспірімді құрықтаған. Олардың басым бөлігі әкімшілік жауапқа тартылған, ал 200-ге жуық адам қылмыстық жауапқа тартылған",-деп хабарлады ол.

"Тек жаңа жылдың жарты аптасында полицияға 20-ға жуық жасөспірім әкелінген, олар ұрлық және тонау қылмыстарын жасап, спирттік ішімдіктерді ішкендер. Уақытша оқшаулау, бейімдеу және реаблитациялау орталығына осы мерзім ішінде 14 бала әкелінген",- деді Лариса Новикова.

Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандардың жасаған қылмыстарының басым бөлігі полицияның Орталық және Затон бөлімінің үлесінде.

Л. Новикованың айтуынша, "статистика бойынша балаларды қылмыс жасауға отбасындағы жағдайдың нашарлығы итермелейді". 2007 жылы 19 ата-ана өздерінің бала асырау құқығынан айырылып, 30-дан астам бала балалар үйіне орналастырылған, кәмелеттік жасқа толмаған бір бала Серебрянск қаласындағы арнайы мектепке жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны