07.05.2007, 16:10 2917

Семейде арнаулы комиссия заттай дәлел болған 20 кг астам есірткіні жойды

СЕМЕЙ. 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Семейде арнаулы комиссия заттай дәлел болған 20 кг астам есірткіні жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Ермек Исапіров хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің, прокуратураның өкілдері, сонымен қатар сот атқарушысы кірген арнаулы комиссия 21 кг 664 г марихуана мен 8 г героинді өртеді. "Бұл өткен жылдың қазанында есірткі сатқандығы үшін ұсталған 30 жастағы семейлікке қатысты істе заттай дәлел болған",- деп түсіндірді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аға тергеушісі.

Е. Исапіровтың айтуынша, "Шығыс" ықшамауданының бір тұрғынының есірткі сатумен айналысатындығы туралы ақпарат жедел арналар арқылы түскен. Арнайы тексерулер жүргізу барысында бұл мәліметтер расталған болатын. Есірткі сатушыны қылмыс үстіне ұстаған, оның сөмкесінен Новопокровкаға сату мақсатында алып бара жатқан есірткі топтамасы табылған. Еркек қамауға алынған болатын. Тауар тәркіленіп, сот шешімінен кейін жойылды.

Сот ұсталған азаматты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабына (сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтау) сәйкес мүлкін тәркілеумен 10 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны