22.10.2007, 18:49 3330

Семейде екі есірткі сатушы құрықталды

Семейде екі есірткі сатушы құрықталды.

Семей. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде героин сатумен айналысқан екі еркек ұсталды. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының жанындағы есірткі бизнесімен күрес бөлімінен хабарлады, деп мәлімдейді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлерінің ақпараттарына сүйенсек, 19-қазанда Затон ауданында жедел сатып алу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. "Ол ұзақ уақыттан бері есірткі сатумен айналысқан, және ол бұрын сотталған. Оның үйін тінту барысында 100 грамға жуық героин табылған, оның құны 400 мың теңгені құрайды",- деп түсіндірді полицейлер.

Сонымен қатар, жексенбіде (21-қазанда) Есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері тағы бір есірткі сатушыны ұстаған, одан да 10 грамм героин тәркіленген.

Аталмыш деректер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны