28.02.2007, 18:09 6936

Семейде екі жыл бойы тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

СЕМЕЙ. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде екі жыл бойы тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қаласының Ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Мұратбек Дауылбеков хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, аталмыш топ 2004 жылдан бері жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттеріне қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан. Топтың мүшелері зардап шегушілердің бағалы заттарын - қымбат теріден тігілген тымақтарын, ұялы телефондарын, зергерлік бұйымдарын тартып алып отырған.

Мұратбек Дауылбеков айтып өткендей, "топтың барлық мүшелері бұрын сотталмаған, сондықтан да оларды "ізіне түсіп қолға түсіру" айтарлықтай қиын". Күдіктілер қала мейрамханаларының біріндегі жедел - іздестіру шаралары барысында қолға түскен.

Полицейлердің сөздеріне сүйенсек, аталмыш топ 6-7 адамнан тұрған, қазіргі уақытта тек үшеуі ғана қамауға алынды. Бұлар 20 - 22 жас аралығындағы жігіттер, олардың барлығы Шығыс Қазақстан облысының Үржар, Аягөз және Жарма аудандарының тұрғындары. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталғандардың барлығы да Семейдің арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған және де олар түрлі себептерге байланысты оқудан шығарылған. Қазіргі уақытта олар ешқайда жұмыс істемейді және де өздерінің қылмыстық іске баруларын ақшаның жоқтығымен түсіндіріп отыр.

Құрықталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта тонаушылар бағалы заттарын ұрлаған 20 жәбірленуші анықталды. Полицейлер әзірге ұсталғандардың жеті қылмысқа қатысты екендігін анықтап отыр. Барлық деректер бойынша "Тонау" және "Алаяқтылық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны