22.12.2010, 17:28 4197

Семейде қаладағы белгілі бизнесменнің отбасына қарақшылық шабуыл жасалды

Семейде қаладағы белгілі бизнесмен Исағали Омарәлиновтың отбасына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семей. 22 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Семейде қаладағы белгілі бизнесмен Исағали Омарәлиновтың отбасына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Белгісіз біреулер жексенбіден дүйсенбіге қараған түні кәсіпкердің үйіне бірінші қабаттың терезесінен кірген. Үйде барлығы 8 адам болған, олардың 8 балалар. Тонаушылардың барлығы бетперде жамылған. "Мен ұйықтап жатқам, олардың басымнан ұрған соққысынан ояндым. Мені байлап тастамақ болды, бірақ мен қарсылық көрсеттім. Олардың бірі менің тамағыма пышақ тіреп: "Бауыздап тастаймын", деді. Мені байлап тастап, соққының астына алды. Талап еткендері ақша. Бірнеше рет ыстық үтікпен күйдірді. Сосын қылқындыра бастағанда мен есімнен танып қалдым",- И. Омарәлинов.

"Олар бізді байлап тастап, ақша талап етті",- дейді бизнесменнің жұбайы.

Оның айтуынша, үйге шамамен алты адам кірген. Олар 500 мың теңгеге жуық ақша және алтын бұйымдарды алып, бой тасалаған.

ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауыша, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны