26.06.2007, 18:38 3108

Семейде психотроптық препараттар сатып жүрген облыстық аурухананың медбикесі ұсталды

СЕМЕЙ. 26 -маусым. Kazakhstan Today. Семейде психотроптық препараттар сатып жүрген облыстық аурухананың медбикесі ұсталды. Бұл туралы журналистерге Семей қалалық ІІБ-ның есірткі саудасымен күрес бөлімінің оперативтік уәкілі Ермек Таниев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оперативтік қызметкердің хабарлауынша, олар медбикені бір ай бойы бақылауға алған. "Кеше біз одан 1,5 мың теңге төлеп, 4 ампуланы сатып алдық, басқаша айтқанда, бір ампула шамамен 300 теңге тұрады", - деді тәртіп сақшылары.

Е. Таниевтің айтуынша, медбике 35 жаста, ол медицина саласында 5 жылдан астам еңбек еткен. "Қазір оның ампулаларды қайдан алғаны анықталу үстінде. Өйткені, психотроптық заттар жай сатылмайды, ал ауруханада препараттар қатаң бақылауда", - деді Е. Таниев.

Ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы (есірткілік немесе прихтроптық заттарды заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату жөніндегі) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны