29.09.2011, 10:02 4593

Семейде тұрақты тұратын жері жоқ некрофил ұсталды

Семейде христиан зиратында бір қорымды бірнеше мәрте қорлаған вандал қолға түсті. Бұл жөнінде бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Астана. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Семейде тұрақты тұратын жері жоқ некрофил ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Семейде христиан зиратында бір қорымды бірнеше мәрте қорлаған вандал қолға түсті. Бұл жөнінде бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

"Семей қаласының полицейлері қалалық зираттың қызметкерлерімен бірге 56 жасар әйел адам жерленген қабірді бірнеше мәрте қорлады деген күдікпен 50 жасар тұрғылықты орны жоқ қала тұрғынын ұстады", - деп хабарлады Н. Ораз.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат шілде айының орта тұсында жақында ғана қайтыс болған әйелдің (өзінің танысының) мәйітін жер астынан алып шығып, онымен жыныстық қатынаста болып, қайта жерлеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Хабарланғандай, мұндай қылмыстық әрекеттер тамыз айы мен қыркүйек айларының орта тұстарында қайта қайталанған. Қазір ұсталған азамат УҰИ-ге қамалды. Сот-психиатриялық сараптама белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны