11.04.2008, 17:03 3305

Семейде "Жасөспірім" операциясын өткізу кезінде панасыз жеті бала ұсталды

Семейде "Жасөспірім" операциясын өткізу кезінде панасыз жеті бала ұсталды

Семей. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 4-11 сәуір аралығында "Жасөспірім" шұғыл алдын алу шараларын өткізу кезінде панасыз жеті бала ұсталды. Бұл туралы журналистерге Семейдің ІІБ кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу және уақытша оқшаулау орталығының инспекторы Лаура Маратова мәлім етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Л. Маратованың сөздері бойынша Семейдің полиция қызметкерлері үш жасөспірімнің ата -анасын іздестіріп жатыр. Семей станциясында желілік полиция қызметкерлері 11 жасар қыз баланы тауып алған. "Оның аты Анел Елебаева, ол Қапшағайдан поезбен келген ", - деп түсіндірді инспектор.

Қыз бала айтқанындай, ол Алматының балалар үйінен қашып шыққан. "Мен апама барғым келеді. Өзім балалар үйінен қашып шықтым, өйткені онда балалар мені ренжітетін ", - деді қыз бала. Ол өзінің аты жөнін және қайда тұратынын ұмытып қалғанын айтты.

"Біз Қапшағайға, Өскеменге және Павлодарға сұрау жібердік". Орталықтың қызметкерлері тағы да екі баланың тағдырына алаңдаулы. Олар үш жастағы Мира Федорова мен 11-жасар Олег Васильев. Мира біздерге Бесқарағайдан келіп түсті, шешесі туралы ақпарат жоқ. Олег Семейден. Оның шешесі баланы тәтесінің үйінде қалдырып, өзі белгісіз бір бағытпен кетіп қалған. Жасөспірім бала мектепте бір жыл ғана оқыған", -деп хабарлады Л. Маратова.

"Балалар бізде 30 күн болуы тиіс. Егер осы уақыт ішінде оларды ешкім алып кетпесе, онда ереже бойынша біз оларды балалар үйіне жіберетін боламыз", -деп ойын толықтырды инспектор.

Жыл басынан бері орталықта 142 бала болып, қазіргі уақытта 13 жасөспірім тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны