09.06.2014, 22:19 3934

Семейдің ірі кәсіпорындары бизнестің жауапкершілігі туралы меморандумға қол қойды

Бұл келісімнің мақсаты - инвестиция тарту, кәсіпорындардағы жалақыны көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету және барлық шараларға атсалысу болып табылады, деп Семей қаласы әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Семей қаласының басшылығы ірі өндіріс кәсіпорындарымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы меморандумға отырды.

Бұл келісімнің мақсаты - инвестиция тарту, кәсіпорындардағы жалақыны көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету және барлық шараларға атсалысу болып табылады, деп Семей қаласы әкімдігінен хабарлады.

"Шаһардың ірі 9 кәсіпорындары біздің ұсынымызды қолдап отыр. Бүгін біз 4 кәсіпорынмен келісімге қол қойдық. Бұдан басқа 37 өндіріс ошағы Президенттің тапсырмасы жалақыны өсіруге келісім білдіруде. Қазіргі таңда біз арнайы жобаны жасақтап қойдық, менің ойымша оның барлығы қолдау табады", - деді қала әкімі Айбек Кәрімов.

Икімдікпен Меморандумға "Силикат"ЖШС, "Асбоцемент зауыт" ЖШС, "Қаражыра" ЖШС, "Қазполиграф"ЖШС отырды.

Семей қаласының әкімі атап өткендей, бұл кәсіпорындар ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Олардың демеушілік көмегі 5 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін барады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны