29.05.2007, 14:59 2847

Семейдің құтқарушылары жұмыстың күшейтілген режиміне көшті

СЕМЕЙ. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Семейдің судан құтқару қызметі жұмыстың күшейтілген режиміне көшті. Бұл туралы журналистерге қалалық судан құтқару қызметінің бас маманы Нұргүл Ептембаева хабарлады.

"1-маусымнан бастап суға шомылу маусымы басталады, сондықтан бекет қызметкерлері судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға қатысты профилактикалық жұмыстарды жүргізуді күшейтеді",- деп хабарлады ол. "Аптап басталатын дәл осы уақытта адамдардың көбі демалыстарын суда өткізгілері келеді. Бірақ оларды барлығы да қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді",- деп түсіндірді Н. Ептембаева.

Құтқару қызметінің өкілінің айтуынша, судан құтқарушыларының незігі проблемасы әдеттегідей қаладағы жағажайларда арнайы құрылғылардың болмауына келіп тіреледі. "Сондықтан да барлығы кез-келген жерде суға шомыла береді. Олар көбінесе өзеннің белгісіз аймақтарында түбі зерттелмеген жерлерде жүзеді",- деді маман.

Оның айтуынша, бүгінде Семей аймағы бойынша небәрі 12 сүңгуір бар. Судан құтқару қызметі судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға қатысты жұмысты күшейту үшін жыл сайын шомылуға өте қауіпті деген орындарға ескерту тақтайшаларын орнатып, қала мектептерінде оқитын оқушылармен профилактикалық кеңес өткізеді, сондай-ақ суға шомылуда сақталуға тиіс ережелер туралы жазбалар таратады. Сонымен қатар, суда адамдардың көп жиналатын жерлерінде рейдтер басталды. "Бекет қызметкерлері осы аймақтарды мотоқайықтармен аралап, дыбыс күшейткіш арқылы адамдарға қауіп-қатер туралы ескертеді",-деп түсіндірді Н. Ептембаева.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Семейдің су тоғандарына 2006 жылы 24 адам батып кеткен, олардың 4 бала.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны