13.12.2006, 19:04 3867

Семейдің өрт сөндіру қызметі жаңа арнайы техникалар алды

СЕМЕЙ.13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейдің өрт сөндіру қызметі жаңа арнайы техникалар алды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Семей қаласының өрт сөндіру қызметінің қызметкері Дмитрий Беликовтың сөзіне сүйенсек, техникаларды жаңарту жоспарының аясында өрт сөндіру қызметі апаттық құтқару автомобилі (АҚА), автоцистерна және тыныс алу органдарын қорғау аппараттарын алды.

Д.Беликов барлық алынған техникалар ең соңғы үлгідегі және қазіргі өрт сөндірушілердің қолданып жүргендерінен айтарлықтай басым ерекшеліктері бар екендігін атап өтті. Апаттық құтқару автомобилі "КамАЗ" базасында жасалған және де автомобилдің кез-келген жолсыз жерлермен кедергісіз жүруіне мүмкіндік береді. Машинаның артқы бөлігінде екі тонна жүкті көтере алатын көтерме орнатылған, бұл ірі жол көлік оқиғалары болған жағдайда немесе құлаған ғимаратты ашуда құтқарушылардың жұмысын жеңілдетеді. Сондай-ақ автомобиль металды кесу үшін де жабдықталған.

"Урал" автомобиль базасында жасалған автоцистернаға бес тонна су сыяды және мотордың үлкен қуаттылығы мен жанармайды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретін алты цилиндрлі турбодизельмен жабдықталған.

Д. Беликов семейлік өрт сөндірушілердің осы уақытқа дейін қатты түтін болған жағдайда да 20-25 жыл болған ескі газға қарсы газдан сақтау противогаздарды пайдаланып келген. "Енді олардың орнына біз жаңа қазіргі заманға сай қорғаныш аппараттарын алдық", - деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны