30.07.2007, 13:12 2991

Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

СЕМЕЙ. 30-шілде. Kazakhstan Today. Семейлік кеденшілер Ресейге 1 млн теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Семей" кеден бекетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тарское ауылының маңында "Ауыл" кеден бекетінде Қазақстанның кедендік шекарасында рейд шаралары кезінде "УАЗ-3962" көлігі ұсталды. "Ресейдің Алтай аймағы Рубцовск қаласында тұратын 28 жастағы Ресей азаматы айдаған көлік Қазақстаннан Ресейге кедендіке және шекаралық бақылауды айналып өтіп бет алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Көлікті тексеру барысында оның ішінен 4813 дана күнделікті тұтыным тауарлары , киім-кешектер шықты.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тауардың нарықтық құны 1 391 604 теңге болды.

Бұл дерек бойынша "Семей" кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 тармағы "Қылмыс жасауға әрекеттену" және 209- бабының 1 тармағы "Экономикалық контрабанда" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны