02.05.2020, 13:55 7569

"Семей халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абайдың есімі берілді

Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне жаңа атау берілді

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №241 Қаулысы жарық көрді.

Қаулы мәтінінде былай делінген:

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., №11, 81-құжат) сәйкесҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай объектілерге:

1) Өскемен қаласы әкімдігінің "Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Лев Гумилевтің есімі;

2) Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 39 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі;

3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Абайдың есімі;

4) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

5) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Семей қаласының №37 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі;

6) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№39 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

7) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

8) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;

9) "Семей халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абайдың есімі;

10) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

11) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "№ 4 жалпы білім беретін ортамектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пригород жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі- "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Березовка орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі- Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Бозтал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Үлкен Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Қызыл Шемонаиха негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі- "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) "Прапорщиково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) "Переваловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - "Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) "Бобровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) "Ушанов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі - "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) "№ 2 Ақсуат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қожагелді батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны