08.04.2019, 20:16 15789

Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды

2017 жылдың мамыр айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Нұр-Сұлтан. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Жалғыз акционер - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімімен Әсемгүл Балташева "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрайымы болып тағайындалды.

Балташева Әсемгүл Серікқызы 1977 жылдың 8 шілдесіне дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы - "бухгалтерлік есеп шаруашылықтағы бақылау және талдау"), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы - "экономика және менеджмент") тәмамдаған.

1997-2011 жылдар аралығында "Қазақтелеком" АҚ түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жж. "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РММ басқарған. Кейін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-дадиректор орынбасары, бас директор қызметтерін атқарған. 2016 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылған шақта мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі дирекциясына басшылық етті. 2017 жылдың мамыр айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны