30.01.2014, 19:34 9806

"Семсер" шекаралық кемесі үздік деп танылды

Шекара ведомствосының басшысы шығарған қорытынды бойынша ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзетінің кемелері мен катерлер дивизионының "Семсер" шекаралық кемесі үздік деп танылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. Шекара ведомствосының басшысы шығарған қорытынды бойынша ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзетінің кемелері мен катерлер дивизионының "Семсер" шекаралық кемесі үздік деп танылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Искери-жауынгерлік қызметтің жинақы теңіздік бөлімшесі Каспийдің қазақстандық бөлігінде шекара бұзушыларды көп ұстағандығы үшін үздік аталды.

Искери заманауи "Семсер" кемесі 2 ранг иемденетін қазақстандық кеме болып табылады, ол Орал қаласындағы "Зенит" зауытында "Барыс" жобасы бойынша құрастырылған. Кеме 2012 жылы мамыр айында теңізге түсірілді. "Семсердің" өз бетінше жүзу қашықтығы 1200 теңіз миліне жетеді, бұл дегеніміз 10 тәуліктен асады. "Барыс" жобасының ерекшелігі сол, мұнда климаттық жағдайлар, Каспий теңізінің ерекшеліктері ескеріліп құрастырылған.

Алдыңғы қатарлы шекара кемесіне ҚР Қорғаныс министрлігінің Искери-теңіз институтының түлегі - аға лейтенант Азамат Қунапиянов басшылық етеді. Ол "Семсер" шекара кемесінің ең алғашқы командирі болып табылады. Алғашқы күндерден-ақ аталған офицер жақсы нәтижелер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге күш салып келеді.

"Семсер" кемесінің сақшылары өткен мерзім ішінде теңізге 25 рет шықты, яғни ол дегеніміз 100 тәулікке тең, кеме 9490 теңіз милін жүріп өтті. Искери кезекшілікті атқару кезінде шекарашылар: 59 500 метр ау құралдарын, 175 мың метр каллад құралдарын, қармақтар, 745 астам бекіре және 28 бекіре тұқымдас балықтарды, ондаған итбалықтарды тордан босатып, теңізге жіберді, республикамыздың шекарасын бұзған бірнеше азаматты, теңізге заңсыз шыққан шағын жүзу құралдарын ұстады.

Қызметке деген зор жауапкершілік пен бірінші орынды жеңіп алуына байланысты аға лейтенант А. Қунапиянов және "Семсер" кемесінің экипажы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Н.Жоламановтың атынан диплом және мақтау қағазымен наградталды.

Шекара ведомствосының басшысы "Семсер" шекара кемесіне қашанда табыстарға қол жеткізіп, алдыңғы қатардан көріне берулеріне тілектестік білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны