25.02.2011, 13:29 5256

Сенат 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің параметрлерін нақтылауға Мемлекет басшысының ағымдағы Жолдауын іске асыру мақсатында қаражатты шығыстардың басым бағыттарына қайта бөлуге байланысты әзірленген. Бұл ретте 2011 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы бұрынғы жоспарға қарағанда 207,9 млрд. теңгеге ұлғаяды. Мұндағы салық түсімдері 208,5 млрд. теңгеге артса, салыққа жатпайтын түсімдерді 3,1 млрд. теңгеге арттыру қарастырылған.

Ал 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары - 4 трлн. 954,1 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 20,8 пайызы деңгейінде қарастырылып отыр. Бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 301,3 млрд. теңгеге көп. Заң жобасы бойынша ағымдағы жылғы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға арналған шығыстарды 232,2 млрд. теңгеге арттыру көзделеді. Оның ішінде "Жұмыспен қамту - 2020" жаңа бағдарламасын іске асыруға - 40,2 млрд. теңге, білім беруге - 20,5 млрд. теңге, денсаулық сақтауға - 7,1 млрд. теңге, сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге - 8,2 млрд. теңге қарастырылады.

Ал Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 56,9 млрд. теңге көзделсе, өзге де кезек күттірмейтін шығыстар 69,5 млрд. теңге шамасын құрап отыр. Жалпы алғанда 2011 жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы 93,3 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 695,8 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 2,9 пайызына тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны