06.06.2013, 11:02 2963

Сенат "2013-2015 жылдарға арналған бюджет туралы" заңға енгізілген өзгерістерді қабылдады

Заң жобасына енгізіген өзгерістердің бірқатарына тоқталсақ, салықтық түсімдер 231,1 млрд теңгеге қысқартылған. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 121,3 млрд теңгеге азайтылып, 6 099 млрд теңге сомасында көзделуде.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Сенат "2013-2015 жылдарға арналған бюджет туралы" заңға енгізілген өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында жоғары палата депутаттары "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасына енгізіген өзгерістердің бірқатарына тоқталсақ, салықтық түсімдер 231,1 млрд теңгеге қысқартылған. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 121,3 млрд теңгеге азайтылып, 6 099 млрд теңге сомасында көзделуде.

Сондай-ақ заң жобасымен үкіметтік қарыздың лимиті де 2013 жылдың 31 желтоқсанында 70,6 млрд теңгеге ұлғайтылып, 4 770,6 млрд теңге мөлшерінде белгіленіп отыр. Талқылау қорытындысы бойынша аталмыш заң жобасы мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны