01.10.2015, 12:03 3749

Сенат АҚШ-та сотталған Қазақстан азаматтарын қайтаруға мүмкіндік беретін конвенцияны қабылдады

Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында "Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР Заӊы қабылданды

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында "Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР Заӊы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш құжат 1993 жылдыӊ 9 маусымында Манагуада қабылданған. Конвенцияға 19 мемлекет мүше болып табылады, соныӊ ішінде бұған Америка құрылығыныӊ Бразилия, Канада, Мексика, АҚШ секілді 16 елі қосылған, ал қалған үшеуі Сауд Арабиясы, Чехия мен Үндістан секілді Америка құрлығына жатпайтын мемлекеттер, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Солардыӊ арасына конвенцияға қосылатын тұӊғыш Орталық Азия мемлекеті ретінде Қазақстан да енгелі отыр. Осылайша, Қазақстан бір конвенцияны қабылдау арқылы бір мезгілде 19 елмен қарым-қатынас орната алады деген сөз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны