26.02.2015, 17:03 3696

Сенат әлеуметтік-еӊбек салаларындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен оӊтайландыру мәселелеріне қатысты түзетулерді қабылдады

Парламент Сенатыныӊ депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне әлеуметтік еӊбек салаларындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен оӊтайландыру мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын қабылдады

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Парламент Сенатыныӊ депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне әлеуметтік еӊбек салаларындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен оӊтайландыру мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған өзгерістер халыққа қызмет көрсету орталықтары мен "Электронды Үкімет" порталына қандай да бір мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету бойынша қайырылғанда альтернативті мүмкіндіктер жасауды қарастырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтіӊ нәтижелерін алу мерзімін қысқартып, сол қызметке ұсынылатын құжаттардыӊ да санын кемітуді қарастырады",-делінген Сенаттыӊ әлеуметтік-мәдени даму комитетініӊ қорытындысында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Аталмыш комитет өкілдерініӊ мәліметтерінше, аталмыш заӊ жобасыныӊ мақсаты бизнес-үдерістерді оӊтайландыру, ақпараттық жүйелер мен базаларды ықпалдастыру, электронды құжаттар мен электронды қолдарды сондай-ақ "Электронды Үкіметтіӊ" қолдану аясын кеӊейту арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі оӊды өзгерістерді заӊ жүзінде бекіту болып табылады.

"Заӊ жобасында сондай-ақ еліміздіӊ қандай да бір мекемесінде немесе кәсіпорнында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен жұмысшылар мен еӊбеккерлердіӊ атқарған істері мен олардыӊ арасындағы ерекше көзге түскендерініӊ істерін лайықты бағалау мақсатында "Еӊбек" орденініӊ орнына үш дәрежеге бөлінетін "Еӊбек даӊқы" мемлекеттік наградасы енгізіледі. Ал, "Еӊбек даӊқы" орденініӊ иегерлері "Қазақстанныӊ еӊбек ері" атағына ие болғандармен теӊестіріледі",-деді депутаттар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны