19.12.2014, 21:30 3570

Сенат Арменияныӊ ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялады

Бүгін Парламент Сенатыныӊ отырысында депутаттар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасыныӊ қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы" заӊды қабылдалы.

Астана. 19 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатыныӊ отырысында депутаттар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасыныӊ қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы" заӊды қабылдалы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл заӊды кеше Мәжіліс депутаттары мақұлдап, Сенат қарауына жіберген болатын. Бүгін отырыста осы мәселе бірінші болып қаралды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасыныӊ қосылуы туралы шартқа АрменияРеспубликасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясыныӊ Президенттері 2014 жылдыӊ 10 қазанында Минск қаласында қол қойған болатын. Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Еуразиялық экономикалық одақтыӊ мүшесі болады. Қазақстан Республикасы үшін экономиканыӊ көптеген салаларында Армения Республикасымен ынтымақтастықты кеӊейтуге көп мүмкіндік бар", - деді баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Министр атап өткендей, қазір Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымыныӊ көлемі аса үлкен емес, шамамен 7,7 млн АҚШ долларын құрап отыр.

"Алайда, бірыӊғай нарық құру сауда-экономикалық қатынастарды ынталандыруға алғышарт жасайды", - деп сендірді министр.

Сенат депутаттары бірауыздан қабылдаған заӊ Президенттіӊ қол қоюына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны