14.02.2008, 18:44 2978

Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Искери киімді заңды және жеке тұлғалардың пайдалануын (киюін) шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарладйы Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сенаттың заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенаттың Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізген түзетулеріне сәйкес, мемлекеттік органдардың формалы киімдерінің түрлеріне жалпылама айқындайтын формулировканы нақтылау ұсынылған. Сонымен бірге, коммерциялық емес ұйымдардың күзет бөлімшелерінің әскери киімдерді, мемлекеттік органдардың арнаулы киімдері мен құралдарын арнаулы белгі және символикаларымен заңсыз киіп жүргені үшін жүктелетін жауапкершілік анықталады.

Түзетулерге сәйкес, Икімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен "Күзет қызметі туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.

Икімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер "әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Күзет қызметі туралы заңға "республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын" түзетулер енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны