18.01.2012, 10:22 5482

Сенат әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңды қабылдады

Осы құжат бойынша ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақов баяндама жасаған.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жалпы отырыста "Искери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, осы құжат бойынша ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақов баяндама жасаған.

Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және әскери қызмет, сондай-ақ әскери қызметшілердің мәртебесі саласындағы құқықтық олқылықтарды жою, олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалу кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы заң жобасымен әскери қызмет өткеру бөлігінде біртекті қоғамдық қатынастарды реттейтін "Искери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Искери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан заңдарының нормалары бірыңғай Заңға біріктіріледі.

Заң жобасымен жүзеге асыратын қызметінің сипатына қарай әскери қызметшілердің мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Сондай-ақ, әскери қызмет өткерген кезеңінде оларға мемлекет есебінен қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үй жалдағаны үшін шығыстарды өтеу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны