07.10.2009, 13:51 1792

Сенат "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл заң жобасы жеке сот орындаушылары институтын құру арқылы атқару жүйесін түбегейлі реформалауға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге және республика судьяларының IV съезінде ел президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр.

Заң жобасын талқылау барысында сот орындаушыларының ережелері мен мәртебесін реттеуге және еріксіз орындау тетіктеріне қатысты баптардың жеткіліксіздігі туралы аталып өтілді.

Осыған байланысты жеке сот орындаушылары институтын атқарушылық өндірісі жүйесінен шығару арқылы жаңғырту мен сонымен бір мезгілде қолданыстағы еріксіз атқару рәсімдерін жетілдіру атқарушылық өндірісі жүйесінің тиімділігі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмауға ықпал етеді.

Талқылау нәтижесінде палата "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, парламент мәжілісіне жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны