25.06.2015, 16:03 2903

Сенат Азаматық кодексті жетілдіру туралы заӊнама түзетулерін бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты палатаныӊ жалпы отырысы барысында "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне азамттық процестік заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заӊыныӊ жобасын бірінші оқылымда қабылдады

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты палатаныӊ жалпы отырысы барысында "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне азамттық процестік заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заӊыныӊ жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасы кейбір заӊнамалық актілерді жаӊа редакциядағы ҚР Азаматтық процестік кодексініӊ жобасына сәйкес келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді. Заӊнаманы Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында 18 заӊнамалық актіге өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Заӊ жобасымен кейбір істер санаттары бойынша дауларды реттеудіӊ сотқа дейінгі мәндетті тәртібі белгіленді.

"Адвокаттық қызмет" туралы және "Нотариат туралы" Заӊдарға татуласу рәсімдері бойынша өзгерістер енгізіледі. Бұдан басқа, нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау құқығы беріледі. "Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" кодекске енгізілетін өзгерістер тараптардыӊ татуласы кезінде мемлекеттік бажды қайтаруға байланысты.

Кодекс жобасыныӊ тағы бір айрықша мәні - заӊ жобасы инвесторлардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі соттардыӊ мамандануын белгілеу инвестициялауды жүзеге асыратын адамдарды саралау өлшемшарттарын заӊнамалық бекітуді талап етеді, бұл инвестициялық даулар бойынша соттылықты белгілеу кезінде анықтаушы фактор болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, Сенат бұған дейін Мәжіліс мақұлдаған заӊ жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны