Система Orphus

Сенат Азаматтық кодекске енгізілетін өзгертулерді бірінші оқылымда мақұлдады

31.10.2008, 17:43 506

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беру туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қарастырылған", - делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгендей, "Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағының қазіргі редакциясында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беруді тек жекешелендіру жөніндегі заңнамалық актілердің аясында жүзеге асыру қарастырылған.

"Сөйтіп, жекешелендіру, яғни, мемлекеттік мүлікті сату мемлекеттік мүлікті басқарудың бір түріне жатады. Ал қолданыстағы заңнамалық актілермен, соның ішінде "Жекешелендіру жөніндегі" заңмен мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру мүмкіндігі регламенттелмеген", -делінген қорытындыда.

"Осыған байланысты заң жобасымен Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізіп, онда мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру және мемлекеттік меншік нысандарын жеке меншіктегі құны бірдей мүлікке ауыстыру секілді мүлікті басқарудың түрлерін қарастыру ұсынылып отыр", - делінген қорытындыда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны