30.09.2010, 16:41 8186

Сенат азаматтық заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасын мәжіліске қайтарды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оны өз түзетулерімен мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 30 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оны өз түзетулерімен мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш заң жобасымен келісімшарттық қатынастарды нығайту мақсатында құжат бойынша мәміле жарамсыздығына, кепілдік жарна институтын енгізуге, көлік құралын экипажсыз жалдау шартына қатысты біршама өзгерістер енгізіледі.

Сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің қорытындысында, заң жобасы экономиканың дамуындағы маңызды шарт ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтай отырып Азаматтық кодекстің институттарын жетілдіруге бағытталғандығы, атап көрсетілген.

Сонымен қатар, заң жобасымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған нормалар қамтылып отыр. Заңды тұлғаның жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған түзетулер де енгізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны