06.05.2010, 12:17 3196

Сенат "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға, биоотын өндірісі мен айналымына ғылыми ауқымды технология енгізу ережелері мазмұндалған.

Заң жобасын қабылдау осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, экологиялық таза отын ресурстары көздерін тиімді пайдалану үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасына тұжырымдамалық тұрғыдағы "биоотын айналымы" ұғымы, сондай-ақ "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның талаптарына сәйкес түзетулер енгізілетін болды.

Палатаның жалпы отырысында осы саладағы құқықтық базаны одан әрі жетілдіруді көздейтін заң жобасы да қаралып, оған да түзетулер енгізілді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен Икімшілік құқық бұзушылық кодексіне, "Этиль спирті мен алкоголь өнімдері өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарына өзгерістер енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны