02.04.2015, 22:48 3993

Сенат бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады

ҚР Парламент Сенатыныӊ депутаттары бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын қарады

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Сенатыныӊ депутаттары бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын қарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш құжат Азаматтық процессуалдық кодекстіӊ тиісті бөліктеріне өзгеріс енгізіп, интернет-казиноныӊ қызметін заӊсыз деп табу мәселесін қарастырады. Ал Икімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ойын бизнесі туралы заӊнама бұзылған жағдайда оған деген жауапкершілікті күшейтетін норма енгізеді. Құжатты талқылау барысында депуттар тарапынан жетілдіруді қажет ететін бірқатар мәселелер туралы айтылды. Ал А.Күзеков пен Ж.Ерғалиев ойын бизнесі саласындағы заӊнаманы жетілдіріп, интернет казиноныӊ жұмысын заӊды түрде тоқтатып, букмекерлік кеӊеселер мен тотализаторлардыӊ қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі құжаттыӊ маӊыздылығын атап өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бұған қоса сенаторлар Қазақстан мен Беларусь арасындағы реадмиссиялауға қатысты келісімді ратификациялады. Құжат келісуші мемлекеттердіӊ аймағына заӊсыз келетін азаматтарды реадмиссиялаудыӊ құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттеуге бағытталған.

Отырыста сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сотталған азаматтарды беру туралы келісім ратификацияланды. Құжат екі елдіӊ қарамағында сотталған азаматтарды сотталған елінде жазасын өтеу үшін бір мемлекеттен екінші мемлекетке беру мәселесін қарастырады. Бүгін депуттар тарапынан қолдау тапқан тағы бір құжат Қазақстан мен Мажарстанда қылмыстық іздеуде жүрген және қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген азаматтарды беру бағытындағы бірлескен қимылдардыӊ тиімділігін арттыру мен екі елдіӊ осы мәселеге құзырлы органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасыныӊ арасында қосарланған салық төлеу мен салық төлеуден жалтарудыӊ алдын алуға бағытталған келісім ратификацияланды. Аталмыш құжат Қазақстанныӊ немесе Вьетнамныӊ резиденттері болатып табылатын заӊды тұлғалар мен жекелеген азаматтардыӊ қосарланған салық төлеу мен салық төлеуден жалтару әрекеттерініӊ алдын алады.

Депутат С.Нөгербековтыӊ айтуынша, Қазақстан бүгінде 48 мемлекетпен қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісімге қол қойған және келісім талаптары мемлекеттердіӊ қарым-қатынастарыныӊ оӊ бағытта өрбуіне айтарлықтай ықпал етуде.

Мәжіліс барысында сенатор Қ.Айтахановтыӊ қазақтыӊ әйгілі дипломаты Н.Төреқұловтыӊ есімін халық жадында мәӊгі қалдыру үшін кешенді шаралар қолдану жөніндегі сауалы тыӊдалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны